Президент экспортқа арналған кредиттерді субсидиялауды көздейтін заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Өнеркәсіптік саясат туралы" заңға қол қойды. Шикізаттық емес секторды ынталандыру және қолдау жөніндегі шаралар арасында экспорттық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігі назардан тыс қалуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz

Сарапшылардың пайымдауынша, бұл заң Қазақстанның экспортқа бағдарланған кәсіпорындарын дамытуға серпін береді.

Осы жылдың жазында шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында бұл бастаманы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын. Президенттің айтуынша, экспортты субсидиялау бүкіл әлемде кеңінен қолданылады және бұл отандық өндірушілер үшін нақты қолдау болуы тиіс.

Zakon.kz редакциясы осыған қатысты түсініктеме алу үшін KazakhExport ұлттық экспорттық-сақтандыру компаниясына жүгінген еді. Айта кетейік, KazakhExport – тетікті іске асыру бойынша операторлардың бірі.

Компанияның Басқарма төрағасы Руслан Ысқақовтың пікірінше, мемлекеттік субсидиялау өндірушілерге артықшылық береді және қаржыландыру құнын әлемдік нарықтағы импорттаушыларға қолайлы деңгейге дейін жеткізу есебінен шетелде қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Осының арқасында экспорт көлемі ұлғайып, салық түсімдерінің өсуі, тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық қамтудың үлесі артады. Жаңа жұмыс орындары ашылады.

Бұл бірінші кезекте, машина жасау өндірісі, мысалы, локомотивтер немесе вагондар сияқты қосылған құны жоғары тауарлар, сондай-ақ жоғары технологиялық және зияткерлік қызметтер мен жұмыстар саласы қамтылады.

Қазақстандық инжинирингтік компаниялардың инфрақұрылымдық объектілерді жобалау мен салуда үлкен тәжірибесі бар. Біздің компаниялар ірі шетелдік мердігерлермен бәсекелес болып, келісімшарттарды жеңіп алған сәтті мысалдар көп. KazakhExport клиенттерінің арасында Қиыр Шығыстағы Амур газ өңдеу зауытының құрылысында жұмыс істейтін итальяндық Desmet Ballestra Group корпорациясы, ресейлік "Норникель", украиналық темір кені комбинаты үшін жобалау бойынша жұмыс жүргізетін бірнеше экспорттаушылар бар. Тағы бір компания – AAEngineering Қырғызстанда әйгілі неміс мердігерлерінің конкурсын айналып өтіп, екі алтын шығаратын фабрика салды. Жоба бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 200 млн доллардан асты. Жаһандық шектеулер мен логистикалық шығындар кезеңінде қызметтер экспорты ең тиімді және перспективалы бағыттардың бірі болды. KazakhExport басқарма төрағасы Руслан Ысқақов

Бұдан басқа, Сауда және интеграция министрлігі "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымдарымен бірлесіп, коммерциялық банктерді ынталандыру және олардың экспорттық операцияларын қаржыландыру үлесін ұлғайту үшін пруденциялық нормаларға өзгерістер енгізу бөлігінде қаржы реттеушілерімен жұмыс жүргізуде.

Осы күш-жігердің барлығы өнеркәсіп секторының үдемелі өсуін, экспортқа бағдарланған өндірістерді ұлғайтуды және ел дамуының шикізаттық моделінен біртіндеп бас тартуды қамтамасыз етуі тиіс.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: