Байден: Әлем Ресейді жауапқа тартады

Сурет: Instagram/joebiden
Джо Байден АҚШ, оның одақтастары мен әріптестері Ресейдің Украинаға қатысты әрекетіне бірауыздан және батыл түрде жауап беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл шабуылдан болатын өлім-жітім мен ойранға Ресей ғана жауапты болады. АҚШ, оның одақтастары мен әріптестері Ресейдің Украинаға қатысты әрекетіне бірауыздан және батыл түрде жауап береді. Әлем Ресейді жауапқа тартады. Джо Байден

АҚШ президенті бейсенбі күні АҚШ-тың Ресей Федерациясына қатысты қолданатын шаралары туралы америкалықтарға үндеу жолдайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ Американың президенті түнде Украина төңірегіндегі жағдайды бақылап, болып жатқан жайт туралы ақпарат алып тұратынын айтты.

АҚШ бірыңғай жауап қату үшін РФ бойынша іс-қимылдарын НАТО-дағы одақтастарымен үйлестіреді.Джо Байден

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге жолдаған үндеуінде Донбаста арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды