Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келді

Эмомали Рахмон, Астана, ресми сапар, Тәжікстан, президент , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 19:49 Сурет: Ақорда
Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайынан қарсы алды.

Әуежай, Астана, Тоқаев, Эмомали Рахмон, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 19:49

Сурет: Ақорда

Ол Қазақстан астанасына Ақаба процесінің саммитіне қатысу үшін келгені белгілі.

Ақаба процесінің саммиті Астанада 2026 жылғы 6 қарашада өтеді. Саммит талқысы тақырыптарының бірі – жасанды интеллектіні лаңкестік және экстремистік мақсатта пайдалануға қарсы тұру.

Аталған саммитке бірқатар мемлекеттердің басшылары қатысады деп күтіледі.

Бүгін, 5 қарашада Қазақстанға Иордания Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла ибн әл-Хусейн ресми сапармен келді. Келіссөздер барысында король II Абдалла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақаба процесі аясындағы кездесулердің жаңа раундын бірлесе ұйымдастырғаны үшін шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ бүгін кешке елордаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов та келіп жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: