Түрікменстан президенті Астанаға ресми сапармен келді

Әуежай, Астана, Түрікменстан, президент, Сердар Бердімұхамедов , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 17:57 Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
2026 жылғы 5 қарашада кешке Астана әуежайына Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов мінген ұшақ келіп қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Қазақстан астанасына Ақаба процесінің саммитіне қатысу үшін келгені белгілі.

Сердар Бердімұхамедов, Астана, әуежай, Түрікменстан президенті  , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 17:57

Сурет: Zakon.kz

Ақаба процесінің саммиті Астанада 2026 жылғы 6 қарашада өтеді. Саммит талқысы тақырыптарының бірі – жасанды интеллектіні лаңкестік және экстремистік мақсатта пайдалануға қарсы тұру.

Аталған саммитке бірқатар мемлекеттердің басшылары қатысады деп күтіледі.

Бүгін, 5 қарашада Қазақстанға Иордания Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла ибн әл-Хусейн ресми сапармен келді. Келіссөздер барысында король II Абдалла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақаба процесі аясындағы кездесулердің жаңа раундын бірлесе ұйымдастырғаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: