Түрікменстан президенті 24-25 қарашада Астанаға келеді

Сердар Бердімұхамедов, Астана, Түрікменстан президенті, 24-25 қараша, мемлекеттік сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2025 18:01 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 24-25 қараша күндері Астанаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сапар аясында тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды, делінген Ақорда баспасөз қызметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы хабарламасында.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қараша күндері Астанаға ресми сапармен келген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: