Армения премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қарашада Астанаға ресми сапармен келеді
Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Тоқаевтың шақыруымен Армения премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қараша күндері Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылы 17 қарашада Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
"Сапар бағдарламасы аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады".
Бұған дейін Қазақстан мен Эстония президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгені белгілі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript