Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді
Сурет: primeminister.kz
Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысады.
Түрікменстан басшысын Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Қазақстан мен Түрікменстан өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуде.
Мәселен, 5 жыл ішінде екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 4 есеге өсіп, тек соңғы жылдың өзінде 28%-ға артты. Биылғы 6 айда тауар айналымы $237,2 млн-ды құрады.
Бүгінгі таңда ынтымақтастықты арттырудың перспективалы бағыттары – газ және транзиттік-көлік салалары. Онда автожолдарды реконструкциялау және салу бойынша бірқатар ірі жобалар іске асырылуда.
Оның ішінде ұзындығы 225 шақырым болатын "Қазақстан шекарасы – Гарабогаз – Түрікменбашы" жаңа автожолының және Гарабогазгол шығанағы арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы бар. Ұзындығы 165 шақырым "Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы" учаскесін реконструкциялау жобасы пысықталуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript