Астанаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов келді
Сурет: ҚР үкіметі
Астана әуежайында Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкіметтің хабарлауынша, сапар барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын, сонымен қатар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды деп жоспарланған.
Сонымен қатар Сердар Бердімұхамедов ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript