Черногория президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Астана, город Астана, достопримечательности Астаны, столица Казахстана, пейзаж Астаны, Акорда, резиденция Президента Республики Казахстан, здание Акорды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2026 14:15 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Черногория президенті Яков Милатович Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Черногория басшысының елімізге сапары 2026 жылғы 18-20 маусым аралығында өтеді. Сапар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің шақыруымен ұйымдастырылып отыр.

19 маусым күні жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарланған. Кездесу барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылайды.

Ақорда мәліметінше, келіссөздер екі ел арасындағы өзара байланыстарды дамытуға және жаңа ынтымақтастық бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, маусым айының басында Қазақстанға ресми сапармен Никос Христодулидис келген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: