Қазақстанға Финляндия президенті ресми сапармен келеді

Астана, город Астана, достопримечательности Астаны, столица Казахстана, пейзаж Астаны, Акорда, резиденция Президента Республики Казахстан, здание Акорды, туризм в Казахстане, туризм в Астану, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 09:00 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия Президенті ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 22 қазанында Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, 28-29 қазан күндері Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді.

Сапар аясында мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.

2025 жылдың 20 қазанында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев мемлекеттік сапармен Астана қаласына келген.

Сапар барысында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер өтті. Кездесуде тараптар стратегиялық әріптестікті нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ көлік-логистика және энергетика салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.

Сапар 2025 жылдың 21 қазанында аяқталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: