Кабулдағы Ресей елшілігіндегі терактқа қатысты ҚР СІМ мәлімдеме жасады

Сурет: gov.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігі 2022 жылғы 5 қыркүйекте Кабул қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігі ғимаратының жанында болған және ресейлік дипломаттарының өмірін қиған террористік актіні қатаң айыптайды.

Ауған тарапы оқиғаға мұқият тергеу жүргізу және кінәлілерді заңға сәйкес қатаң жазалау, сондай-ақ Ауғанстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус пен шетелдік азаматтарды қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау қажет деп санаймыз.

Қазақстан тарапы халықаралық қоғамдастықтың терроризмге қарсы күрестегі күш-жігерін қолдайды және дипломатиялық өкілдіктер мен олардың қызметкерлеріне қатысты кез келген зорлық-зомбылық көрінісін өрескел деп санайды.

Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды