Мемлекет басшысы Ливан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Құттықтау жеделхаты, Тоқаев, Мемлекет басшысы, Ливан, Джозеф Халил Аун, Тәуелсіздік күні , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2026 10:40 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан президенті Джозеф Халил Аун мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан президенті берік достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан көшбасшысының жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Ливан халқына бақ-береке тіледі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Оман сұлтанын елдің Ұлттық күнімен құттықтаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: