Президент Оман Сұлтанын елдің Ұлттық күнімен құттықтады

Президент Оман Сұлтанын елдің Ұлттық күнімен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 17:26 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Сұлтандықтың Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Оман Сұлтанының жуырда елімізге жасаған тарихи сапарын ықыласпен еске алып, оның нәтижелері екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің жауапты саяси қызметіне табыс, ал бауырлас Оман халқына құт-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: