Мемлекет басшысы Албания президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құттықтау жеделхатының мәтінін 2025 жылы 28 қарашада Ақорданың баспасөз қызметі жариялады:
"Президент жеделхатында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайдың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал албан халқына құт-береке тіледі".
Бұған дейін Мемлекет басшысы әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен кездескен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript