Мемлекет басшысы әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен кездесті

Кездесу, Ақорда, Мемлекет басшысы, әлем біріншілігі, жас шахматшылар , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2025 18:59 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 28 қарашада әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуге 8 жасқа дейінгі санатта әлем чемпиондары атанған Әдинұр Әділбек пен Алиша Бисалиева, 12 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы болған Данис Қуандықұлы, 14 жасқа дейінгі санатта әлем біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінген Марк Смирнов, 16 жасқа дейінгі санат бойынша әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Эдгар Мамедов, 16 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем біріншілігінің күміс жүлдесіне қол жеткізген Сауат Нұрғалиев қатысты.

Мемлекет басшысының айтуынша, жас спортшылардың жетістіктері халықаралық аренада Қазақстанның мерейін үстем етеді әрі елімізде шахматтың келешегі зор екенін көрсетеді. Президент чемпиондардың биік мақсаттарға ұмтылуы қажеттігін жеткізіп, оларға жарқын жеңістер тіледі.

"Шахмат деген үлкен өнер. Сондықтан шахматпен күнделікті, мұқият, арнайы кітаптарды оқи отырып айналысу қажет. Бүгін Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичпен кездесіп отырсыздар. Бұл – Сіздердің бақытты сәттеріңіздің бірі", – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев шахмат тақтасына естелік жазба қалдырды.

Сурет: Ақорда

Бұған дейін Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Аркадий Дворковичті қабылдап, оны ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: