Тоқаев жас шахматшылармен кездесті

Тоқаев жас шахматшылармен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2025 19:32 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шахмат үйіне барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қопа көлінің жағасында орналасқан ғимарат бұрын Президент резиденциясы болған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен аталған нысан балалардың игілігіне беріліп, былтыр желтоқсан айында Шахмат үйі ретінде есігін айқара ашты

Бүгінде арнаулы орталықта оқу-жаттығу жиындары, гроссмейстерлердің шеберлік сағаттары ұйымдастырылып тұрады. Спортшылар беделді бәсекелер алдында осы жерде дайындығын пысықтайды.

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловтың айтуынша, көрікті табиғат аясындағы бірегей кешенде спортшылардың өз шеберлігін алаңсыз шыңдауына қолайлы жағдай жасалған. Соңғы жылдары шахмат "медаль көп әкелетін" спорт түріне айналды. Былтыр отандық спортшылар халықаралық жарыстардан 160 медаль жеңіп алған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшылармен және ұлттық құрама мүшелерімен әңгімелесу барысында мемлекет шахматты дамытуға, сондай-ақ балалар мен жастар арасында насихаттауға ерекше мән беретінін атап өтті. Президент аталған ойын стратегиялық тұрғыдан ойлауға машықтандыратынын, тәртіпті күшейтіп, төзімділік пен жауапкершілікке үйрететінін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: