Тоқаев Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2026 18:31 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силва мен оның отандастарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қазақстан Бразилиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің ынтымақтастығы халықтарымыздың игілігі жолында қарқынды түрде дами түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Бразилия халқына бақ-береке тіледі.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловқа құттықтау жеделхатын жолдаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: