Ақорда Астанадағы ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысынан фото жариялады

Сурет: zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз қызметі Астанада өтіп жатқан Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысушылардың бірлескен фотосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар Ақорданың Telegram-дағы каналында кездесуге қатысушыларды фотоға түсіру рәсімінен бейнеролик жарияланды.

ТМД Мемлекет басшыларының кеңесі - Достастық қызметтің негізгі мәселелері талқыланатын және шешілетін жоғарғы органы.

Іс-шараға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан басшылары, сонымен қатар ТМД Атқару комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы қатысады.

Кейінгі жылдары ТМД іс-шараларына қатысуын тоқтатқан Украинаның саммитте бірде-бір өкілі болмайды. Сонымен қатар Молдова басшысы жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты қатыса алмайды.

Іс-шара барысында олар Достастық алаңында өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылауды, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы, сонымен қатар ынтымақтастық саласындағы интеграциялық байланыстарды одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған бірқатар құжатты қарастыруды және қабылдауды жоспарлап отыр.

Қазақстан
ТМД

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды