Президенттіктен әйел үміткерді қоғам қалай қабылдап жатыр –сұқбат

Сурет: amanatpartiasy.kz
Әйел үміткерді қоғам қалай қабылдап жатыр? Бұл сауалға ҚР Президенттігінен үміткер Салтанат Тұрсынбекованың республикалық штабының басшысы Назым Жанғазинова өз сұқбатында жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өз сұқбатында Салтанат Тұрсынбекованың 56 жаста екенін, көпбалалы отбасынан шыққанын, өмір бойына заң саласында еңбек етіп келе жатқанын еске салды.

Енді сауалға келсек, жалпы алдыңғы сайлауға қарағанда қазіргі таңда қоғам әйел кандидатқа бет бұрған деп айтуға болады. Әрине, көбіне еркектер жағы: "Әйелдің орны - қазан-ошақ басы" деп қоғамдағы нәзік жандылардың белсенділігіне наразалық білдіріп жатады. Осындай патриархалды пікірлер болып тұрады. Дегенмен, қарап тұрсақ, 80 пайыз қолдау бар. Өйткені қоғам өзгеріп жатыр. "Көшбасшы әйелдердің де арамыздан шығып жатқаны қуантады" деген кері байланыста пікірлер айтылады. Яғни, қоғамның әйел үміткерге деген көзқарасы жақсы. ҚР Президенттігінен үміткер Салтанат Тұрсынбекованың республикалық штабының басшысы
Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады