22-23 қарашада Астанада Сирия бойынша келіссөздер өтеді

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
22-23 қарашада Астанада Сирия бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, келіссөзге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен Сирия оппозициясының делегациялары қатысады. БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак өкілдері бақылаушы ретінде келеді деп күтілуде.

«2022 жылғы 22-23 қарашада Астанада Сирия бойынша Астана форматындағы 19-шы халықаралық кездесу өтеді. Айбек Смадияров, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі

Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіледі:

СІМ ресми өкілінің айтуынша, бірінші күні кепілгер елдердің екіжақты және үшжақты консультациялары, сириялық тараптармен келіссөздер, бақылаушы тараптардың делегацияларымен байланыстар күтілуде.

Екінші күні консультацияларды жалғастыру, пленарлық отырыс және баспасөз мәслихаты жоспарланған.

Сонымен қатар, келіссөздер аясында кепілгер елдер мен БҰҰ сарапшыларының, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қатысуымен күштеп ұсталған тұлғалар бойынша жұмыс тобының отырысын өткізу жоспарлануда.

14-16 маусымда Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша келіссөздердің 18-ші раунды өтті.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

Мемлекет басшысы еңбек заңнамасын жетілдіруді қарастыратын заңға қол қойды

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді