Алматылық әже сайлау учаскесіндегілердің көңілін көтеріп, бата берді

Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы Әуезов ауданының №174 сайлау учаскесіне келген қарт әже қызметкерлерге батасын беріп, олардың көңілін көтеріп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуезов ауданындағы №174 сайлау учаскесіне таңертеңнен бері біраз адам келіп, дауыс берді. Солардың арасында қарт әже ерекше көзге түсті. Ол бюллетенін жәшікке салған соң, қызметкерлер ападан тілек сұрады. Апа еліміздің барлық азаматының тілегі қабыл болсын, деп батасын берді.

Тыныштықта, бейбітшілікте халқымызға нұр жаусын деп, сайлап жатсыңдар. Сол тілектерің Құдайдың алдында қабыл болсын! Жұмыстарың жемісті болсын! - деп тілек білдірді әже.

Сурет: Zakon.kz

Қарт әже кетіп бара жатып, учаскедегілерді бір күлдіртіп алды. "Күлкінің өзі - бір сипат" деді ол.

Не шайнап отырсың балам, маған да берсейші? Әне күлдің. Күлкінің өзі - бір сипат. Мына бала шайнамаса, мен сұрамасам, осы жерде отырғандар күлмейтін еді иә? Дұрыс шайнадың балам, - деді қарт әже.

 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі