ШЫҰ бақылаушысы сайлау туралы: Лаңкестік күштер жағдайды тұрақсыздандырмақшы болған

Сурет: Zakon.kz
ШЫҰ ӨТҚҚ Атқарушы комитеті директорының орынбасары Артур Голованов лаңкестік күштер Қазақстандағы президенттік сайлау қарсаңында және сайлау барысындағы жағдайды тұрақсыздандыру үшін шаралар қабылдауға дайын болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Артур Голованов ШЫҰ құрамындағы терроризмге қарсы құрылымның өкілі ретінде Қазақстан халқы таңдау жасауы үшін қауіпсіздікті, бейбіт және тыныш жағдайды қамтамасыз етудегі Қазақстанның қауіпсіздік күштері мен құқық қорғау органдары өте үйлесімді әрі ауқымды жұмыс жүргізгенін атап өтті.

"Терроризмге қарсы күрес - бұл көзге көрінбейтін майдан және біз оны құқық қорғау органдары шалыс кетіп жағдайда ғана көріп, біле аламыз. Біздің жағдайда Қазақстанның құқықтық тәртіп органдары өз борышын ең жоғары деңгейде атқарды: бізде лаңкестік күштеі сайлау қарсаңында және сайлау барысында жағдайды тұрақсыздандыру үшін шаралар қабылдауға дайын болғандығы туралы ақпарат бар. Бірақ бұл әрекеттердің алдын ала жолы кесіліп, барлық арандатулар сәтті бейтараптандырылды". ШЫҰ ӨТҚҚ Атқарушы комитеті директорының орынбасары Артур Голованов

Оның айтуынша, кінәлі тұлғалар ұсталды, олар енді Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

"Қазақстан халқының бірыңғай ұжымдық тылда өз таңдауын жасауына және өз жарқын болашағын саналы түрде анықтауына барлық мүмкіндіктері бар". Артур Голованов
Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі