Түркістан: Бір сәтте жәшікке бюллетеннің көптеп тасталғаны жайлы ақпарат жоққа шығарылды

Сурет: Zakon.kz
Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Түлкібас ауданының №804 сайлау учаскесіндегі орын алған оқиға туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде бюллетеньді сайлау жәшігіне бір мезетте көптеп тасталғаны туралы ақпарат жарияланды. Қазіргі уақытта жарияланым авторы фотосуреттер мен бейнематериалдарды өз парақшасынан жойып жіберген.

"Облыстық сайлау комиссиясы берген жәшіктердің жоғарғы жағында тар саңылау бар, одан бір мезгілде бюллетеньді көптеп тастау мүмкін емес". Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Сурет: Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Аталған учаскедегі сайлау комиссиясының барлық мүшелерінен және бақылаушылардан түсініктеме алынғаны, олардың барлығы бұл фактіні теріске шығарғаны нақтыланады.

"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, аталған сюжет фейк және шындыққа сәйкес келмейді деген қорытынды жасауға болады. Жарияланым авторы Р. Егенбердиевтің қолтаңбасы бар", - деп атап өтті комиссиядағылар.
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі