Астананың жаңа ауданының әкімдігін құру үшін 390 миллион теңге қажет болуы мүмкін

Сурет: Zakon.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, Астананың жаңа ауданының әкімдігін құру үшін 380 миллион теңге қажет болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мәслихат депутаты Ғабит Тәжімұратов Астананың жаңа ауданына атау беру мәселесін талқылау барысында бұл шараларға қанша қаражат қажет болатынын сұрады.

Мәслихат хатшысы Ерлан Қаналимов бұған жауап ретінде, әдетте, жаңа аудан әкімдігін құру үшін көп қаражат қажет еместігін айтты. Ол мысал ретінде Байқоңыр ауданы әкімдігінің құрылуын келтірді.

Бірақ кейін, талқылау барысында әкімдік өкілдерінің бірі техникалық-экономикалық негіздеме жасалғанын, алдын ала мәліметтер бойынша, Астананың жаңа ауданы әкімдігінің аппаратын құру үшін 390 миллион теңге қажет екенін айтты.

Бұған дейін Астананың жаңа ауданын «Нұра» немесе «Қараөткел» деп атау ұсынылып жатқаны белгілі болған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды