Қазақстанда бүгін Тәуелсіздік күні тойлануда

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан халқы бүгін маңызды мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнін тойлауда. Мереке құрметіне бұл күн республика бойынша демалыс болып белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. Республика бұрынғы КСРО елдерінің ішінде ең соңғы болып тәуелсіздік туралы заң қабылдады. Тәуелсіздігімізді бірінші болып Түркия мойындады. Одан кейін Америка Құрама Штаттары, Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция және тағыбасқа мемлекеттер.

Тәуелсіздіктің 31 жылы ішінде Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекеттердің біріне айналды. Қазақстан халықаралық аренада танымал болып, әлемдік экономикалық жүйелердің арасында лайықты орын алды.

Мереке күні еліміздің түкпір-түкпірінде жаппай мерекелік шаралар өтеді. Мереке қарсаңында мәдениет пен өнер, спорт, саясат және басқа да саланың көрнекті қайраткерлері марапатталады. «Мерекелік амнистиялар» бар. Биыл Астана мен Алматыда мерекелік отшашу болмайды.

Ал биылдан бастап Қазақстанда Тәуелсіздік күні тек бір күн – 16 желтоқсан тойланып, 17 желтоқсан жұмыс күні болады. Бірақ сенбіге түскендіктен қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады: жұма, сенбі және жексенбі.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды

Зейнетақы мұрагерлері енді марқұмның зейнетақы жинағын түгелдей шешіп ала алады

Апаттар мен бөгеттердің бұзылуы: Қазақстанда гидроқұрылыстарға ауқымды тексеріс басталды

Біз жаңа Конституциямызды қабылдап, төл тарихымыздың жаңа парағын аштық – Тоқаев