Respublica партиясы тізімінен екі кандидаттың неге шығып қалғаны белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
Партиялық тізімнен шығып қалған қос партия мүшесіне қатысты Respublica партиясының тең төрағасы Айдарбек Қожаназаров түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бұл арадан саяси астар іздеудің қажеті жоқ.

"Себебі - қарапайым. Ол көші-қон, ұйымдастырушылық және отбасылық мәселелерімен тығыз байланысты. Олар осындай қысқа уақытта тізімге еніп кетеміз деп ойлаған жоқ. Отбасымен кеңесті, жұбайлары әсер еткен болуы мүмкін. Қалай дегенмен де олар Астанаға көшуге дайын болмай шықты. Сондықтан олар сайлауға қатыспау туралы шешім қабылдады", - дейді ол.

Ол аталған себеп сырттай біртүрлі көрінгенімен, партияластарының отбасылық жағдайын да ескеру маңызды болып табылатынын жеткізді.

"Біздің партия мүшелерінің бірінде аяқ-асты күтпеген жағдай орын алғанын білемін (оның аталған қос үміткерге қатысы жоқ), ол арада қайғылы жағдай болды. Міне, осы секілді елеп-ескерусіз қалдыруға болмайтын отбасылық жағдайлар болып тұрады, адам баласы болған соң". Айдарбек Қожаназаров


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда