Мұхтар Тілеуберді: Бізде берік құқықтық база бар

Сурет: Zakon.kz
ҚР СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді Қазақстан өз территориясын басқыншылық үшін пайдалануға жол бермейтінін мәлімдеді. Ол Қазақстанның ЕЭАО, ҰҚШҰ және ТМД сынды ұйымдарға мүше екенін және Ресей тарапынан қауіп байқалмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сондықтан біз Ресеймен арадағы қарым-қатынасты осы құрылымдардағы альянс ретінде қарастырамыз. Бізде берік құқықтық база бар. Ресей Федерациясы мен ҚР арасындағы шекараны делимитациялауды аяқтағанбыз, бұл - әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара", - деді ол.


Министр Қазақстанның сыртқы саясаты әлемнің барлық елімен өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуде көпвекторлы болып қала беретінін атап өтті.

Айта кетсек, Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің бірлескен конференциясы болды. Блинкен Қазақстанға қонақжайлылығы үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ ол Ресейге салынған санкциялардың Орталық Азияға әсерін де баяндады.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

Тибетте қатты жер сілкінісі болды