«Ақ жол» партиясының төрағасының орынбасары Берік Дүйсенбинов Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаевқа "Неден ояндыңыздар?" деп сұрақ қойды.
"Шынында 2019 жылы президент сайлауына қатыса алмадық. Себебі белгілі бір шектеулер бар. 2021 жылы мәжіліс сайлауы болған кезде бізде әділ, нақты сайлау болған емес қой. Әділ сайлау болмайтындықтан біз бойкот жарияладық. Себебі сол жылы "Ескі Қазақстанның" жағдайы қатыспауға мүмкіндік берді. Біздің партиямыздың құрамына экстремистік партия деп аталатын ұйымның өкілдерін тығып, бізге провокация жасауға тырысты. Соның бәрін көре тұра, спектакльге қатыспауды ұйғардық. Бәз шын мәнінде бойкот жарияладық", - деп жауап берді Нұрлан Әуесбаев.