"Бүгін партияңыздың басшысы келмегенін көріп отырмыз. Біздің білуімізде, ол мемлекеттік тілді білмейді, содан келген жоқ", - деді "Байтақ" жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Қазақстан халық партиясының өкіліне.
"Ертісбаев мырза - нағыз патриот. Бұрын, расында онша жақсы меңгермеген болмар, бірақ қазір ол күніне екі рет сабақ алып жүр, адамдармен кездесуінде де қазақ тілінде сөйлейді", - деді Қазақстан халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков.
Айта кетсек, Қазақстан телеарнасының тікелей эфиріндегі дебат кезінде партия басшылығында бұрыннан отырған Азат Преуашевтің неге орнын ауыстырмайтындығы туралы сұраққа "Ақжол" партиясының өкілі жауап берген болатын.