Respublica кезіндегі "Адал" партиясының кебін киіп жүрмейді ме - Сырымбек Таудың жауабы

Сурет: Telegram/qazaqstan.tv
Жигули Дайрабаев "Пікірталас. Сайлау-2023" атты тақырыптағы дебаттың тікелей эфиріндегі сұрақ-жауап айдарында оппоненті Сырымбек Тауға "Адал" секілді билік партиясына қосылып кетіп жүрмейсіздер ме деген сауал қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өйткені кезінде "Адалдың" да Respublica партиясы секілді өңірлерде филиалдары, ғимараттары жеткілікті болмаған көрінеді.


"Қазір заман басқа. Қазір партия - қалтада. Бір жерге жиналудың қажеті жоқ, технология дамыған заман, бұл үлкен мәселе емес", - деді Сырымбек Тау.

Оның айтуынша, өзінің партиясы ең жас адамдардан құралған.

"Ең жас үміткерлер бізден тіркеліп отыр. Барлық деңгейде: партиялық тізім бойынша да, өз-өзін ұсыну бойынша да, тіпті мәслихаттарда да. Жас кәсіпкерлер бізде. Біз бизнесті қалай құрып жатсақ, солай мемлекетті де құрамыз. Мемлекетке менің партия мүшелерін 100 млрд теңге салық төлеп отыр екен. Бірақ мемлекеттен бір тиын да алған емеспіз. Өз жетістігімізге өз күшімізбен келген адамдармыз". Сырымбек Тау


Ол Respublica партиясынан 277 адам сайлауға түсіп жатқанын айтты. Орташа жасы - 37-де.Сондай-ақ оның партиясының қатарында нәзік жандылар да көп. Осы сайлау додасына бұл партия атынан 8 әйел түсіп жатыр екен.

"Біз мемлекеттен ешқашан ақша сұраған жоқпыз. Бәрін өз күшімізбен қол жеткіздік, салық төледік. Біз бизнестен боламыз, кәсіпкерлер өкілдеріміз. Біз "Мақтааралға" көмектестік, ковид кезінде халыққа көмектестік", - деді ол.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы