Құрылтай сайлауының өтуіне орай президент атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп жатыр

Ақорда, Құрылтай сайлауы, президент, құттықтау жеделхаттары , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2026 21:22 Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына алғашқы Құрылтай сайлауына байланысты шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 25 тамызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Мемлекет басшысын БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Мьянма Президенті Мин Аун Хлайн, ИЫҰ Бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха және АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай құттықтады".

Бұған дейін Бас прокуратура Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауын қорытындылап, оның қатаң заң талаптарына сәйкес өткізілгенін жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: