Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаевтың атына Республика күніне орай құттықтаулар әлі келіп жатыр

Республика күні, ҚР Республика күні, ҚР президенті, құттықтау жеделхаты, саясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2023 14:01 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Республика күніне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларынан құттықтау жеделхаттары толассыз түсіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің 2023 жылғы 26 қазандағы мәліметінше,ГФР Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайер құттықтау жетелхатында Қазақстан мен Германияның өзара сенім мен серіктестікке негізделген қарым-қатынасы соңғы 30 жыл ішінде таңқаларлық деңгейге көтерілгенін атап өтті.

"Елдеріміз арасындағы тығыз байланыстар жоғары деңгейдегі саяси кездесулерде ғана емес, сондай-ақ әртүрлі саладағы табысты ынтымақтастықтан да көрінеді. Германия болашақта да Қазақстанның сенімді серіктесі болып қала береді және Сіздің бастамаңызбен жүргізіліп жатқан реформалардың жалғасуына қолдау көрсетеді", – делінген жеделхатта.

БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қасым-Жомарт Тоқаевты Ұлттық мерекемен құттықтап, достас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Мысыр президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси өз жеделхатында екі ел халықтарының жарқын болашағы жолындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін Мысыр мен Қазақстан мол әлеуетке ие екенін жазған.

Иран президенті Ибрахим Раиси қос мемлекеттің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы белсенді ықпалдастығы екіжақты байланыстардың дамуына тың серпін бергенін атап өтті.

Сонымен қатар Куба президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Эфиопия Президенті Сахле-Ворк Зевде, Палестина Президенті Махмуд Аббас, Кипр Президенті Никос Христодулидис, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдат Әміреев және басқалар өз құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: