Жаңалықтар тізбегі
0

Республика күніне орай президенттің атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп жатыр

Республика күні, көк байрақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2022 12:45 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Құттықтау хатын жібергендердің ішінде АҚШ президенті, Еуропалық Кеңестің президенті, Өзбекстан президенті, Қырғызстан президенті және тағы басқалары бар.

Америка Құрама Штаттарының президенті Джозеф Байден Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтап, Орталық Азияның бейбітшілікке, тұрақтылыққа және өркендеуге бағытталған жолындағы еліміздің отыз жылдық көшбасшылығын ерекше атап өтті.

Біздің қауіпсіздік, энергетика және экономика мәселелері жөніндегі екіжақты ауқымды ынтымақтастығымыз, сонымен қатар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды табанды түрде қолдайтынымыз қарым-қатынастарымыздың болашағына инвестиция салуға деген өзара ұмтылысты және оның ортақ мақсаттарға жетудегі әлеуетін көрсетеді. Бұл ұстаным біздің кеңейтілген стратегиялық серіктестігімізге толық сай келеді, – деп жазылған Джо Байденнің құттықтауында.

Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишель 1990 жылдың қазан айында қабылданған Егемендік туралы декларацияда мемлекеттілікке, аумақтық тұтастыққа, бөлінбеушілікке және шекараның мызғымастығына қатысты негізгі қағидаттар бекітілгенін айтты.

Декларация 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауға жол ашты. Бұл декларация бүгінде барлық бейбітсүйгіш ел қорғайтын халықаралық тәртіптің іргелі құндылықтары мен қағидаттарының ережелеріне негізделген, – делінген Шарль Мишельдің жеделхатында.

Сонымен қатар Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мемлекет басшысына және Қазақстан халқына құттықтауын жолдап, еліміздің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі және ауқымды реформалардың тиімді жүзеге асырылып жатқанын ерекше атап өтті.

Біздің тату көршіміз Қазақстан барлық салада биік шыңдарды бағындырып келеді. Сіздің аймақтық және жаһандық маңызы бар бастамаларыңыздың халықаралық аренада белсенді түрде қолдау табуы – еліңіздің әлемдік қауымдастықта лайықты беделге ие екенінің айқын дәлелі. Бірлескен күш-жігер мен жоғары деңгейдегі тұрақты диалогтың арқасында елдеріміз арасындағы тату көршілік және достық қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынас деңгейіне көтерілгеніне өте қуаныштымыз», – деп жазды Өзбекстан президенті.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өз құттықтауында Республика күні мерекесін қайта жаңғырту бастамасын Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған институционалдық реформалар үдерісіндегі маңызды қадам деп бағалайды.

Сіздің дана әрі прогресшіл басшылығыңызбен бұл реформалар қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуға түрткі болып, достас Қазақстанды өркендетуге бағытталған биік мақсаттарға жетуге қызмет ететініне кәміл сенемін, – деп жазған Садыр Жапаров.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев құттықтауында Әзербайжан Қазақстанның қарқынды дамуына, бауырлас елдің жетістіктері мен табыстарына тілектес екенін атап өтті.

Әзербайжан-қазақ қарым-қатынасының бүгінгі жоғары деңгейі ортақ тарихымен, моральді және мәдени құндылықтарымен өзара тығыз байланысты бауырлас халықтарымыздың ерік-жігерін айқын көрсетеді. Қазіргі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, біз елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікке негізделген жан-жақты қарым-қатынастарды нығайту жолында бірлескен күш-жігерді жалғастыра беретінімізге сенімдімін, – делінген құттықтау хатта.

Сонымен қатар құттықтау жеделхаттарын Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан Президенті Рустам Минниханов, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль-ислам Аллашүкір Пашазаде жолдады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевты Беларусь президенті Александр Лукашенко құттықтағанын хабарлаған едік.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: