Жаңалықтар тізбегі
0

Тәуелсіздік күніне орай Президент атына құттықтау хаттар әлі келіп түсіп жатыр

Тәуелсіздік күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2021 19:31 Сурет: ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шет мемлекеттердің  басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары мен жеделхаттар әлі де келіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Құттықтау хаттардың тағы бір легі Ақорда сайтында жарияланды.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған жеке өзінің және түрік халқының атынан шынайы құттықтауын жолдады.

Тарихи, мәдени және бауырластық байланыстарымыз ортақ Қазақстанмен арадағы стратегиялық серіктестігіміздің екіжақты, аймақтық және халықаралық деңгейде тереңдеп, нығайып келе жатқанына қуаныштымын. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған

Украина Президенті Владимир Зеленский құттықтау хатында Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында өз позициясын нығайтып, халықаралық аренада лайықты орын алғанын жазған.

Елдеріміздің көпқырлы және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытып, мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара қолдайтынына, Қазақстан Украинаның Орталық Азиядағы сенімді серіктесі болып қала беретініне сенімдімін. Украина Президенті Владимир Зеленский

Швейцария Президенті Ги Пармелан өзінің құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Женевада жуырда өткен екіжақты келіссөздерді жоғары бағалаған.

Біздің кездесуіміз бен қол қойылған келісімдердің екіжақты ынтымақтастығымызға айтарлықтай пайдасы тиетініне сенімдімін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қарым-қатынастарымызды одан әрі дамытуға Швейцарияның бейілді  екенін нақтылаймын. Швейцария Президенті Ги Пармелан

Италия Президенті Серджо Маттарелла Нұр-Сұлтан мен Римді саяси, экономикалық, мәдени байланыстар біріктіретінін және бұл қатынастардың болашаққа бірге қадам басуға, екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға жол ашатынын атап өткен.

Елдеріміз арасындағы, соның ішінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы диалог аясында қарқынды ынтымақтастығымыз Орталық Азиядағы тұрақтылық пен орнықты дамуға септігін тигізе беретініне сенімдімін. Италия Президенті Серджо Маттарелла

Елдеріміз арасындағы, соның ішінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы диалог аясында қарқынды ынтымақтастығымыз Орталық Азиядағы тұрақтылық пен орнықты дамуға септігін тигізе беретініне сенімдімін.

Мажарстан Президенті Янош Адер Қазақстанның отыз жыл ішінде көптеген сала бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін және бүгінде Орталық Азия аймағында маңызды рөл атқарып отырғанын атап өткен.

Мажарстан екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтуға бейілді. Стратегиялық серіктестігіміз бұған негіз болады. Сонымен қатар Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастығымыз өзара тығыз байланыстарымызды одан әрі нығайтуға жол ашады. Мажарстан Президенті Янош Адер

Алжир Президенті Әбделмаджид Теббун өзінің құттықтау хатында елімізде дипломатиялық өкілдік ашу және Қазақстан астанасында алғашқы Алжир елшісін тағайындау жөнінде бастама көтерген.

Канаданың Генерал губернаторы Мэри Саймон Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсартуға, мемлекеттік басқару ісі мен заң үстемдігін нығайтуға бағытталған Президенттің ауқымды реформаларын жоғары бағалаған.

Сонымен қатар игі тілекке толы құттықтау жеделхаттарын Рим Папасы Франциск, Ұлыбритания Ханшайымы ІІ Елизавета, Жапония Императоры Нарухито, Бельгия Королі Филипп, Нидерланд Королі Виллем-Александр, Швеция Королі Карл XVI Густав, Сербия Президенті Александр Вучич, Грекия Президенті Катерина Сакелларопулу, Литва Президенті Гитанас Науседа, Болгария Президенті Румен Радев, Хорватия Президенті Зоран Миланович, Солтүстік Македония Президенті Стево Пендаровски, Эфиопия Президенті Сахле-Ворк Зевде, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреев, ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азуле және басқалар жолдаған.

Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: