"Respublica" партиясының төрағасы пікірталас кезінде асхана туралы қызық мысал келтірді

Сурет: видеодан алынды
"Хабар" телеарнасындағы саяси партиялардың пікірталасы барысында "Respublica" партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров халықты сайлауға қатысуға шақыра отырып, асхана туралы қызық мысал келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Respublica партиясы - нағыз істің адамдарының партиясы. Сөздің емес, істің. Иә, біздің саяси тәжірибеміз жоқ. Бірақ саяси тәжірибе орнына, біздің ойымызша, қазір практикалық тәжірибе қажет деп ойлаймыз. Саяси тәжірибені өткеннен көрдік. Қазіргі дағдарыс жағдайында кәсіпкерліктегі өз жағдайын жасаған адамдар керек". Айдарбек Қожаназаров

Қазақта мынандай сөз бар: "Бірінші өзіңді түзе, одан соң төріңді түзе, одан кейін еліңді түзе" деген.

"Біздің партиядағы әрқайсымыз өзімізді түзеп, жағдайымызды жасап алған адамдармыз. Енді елді түзесек деген ниетіміз бар. Қарақан басты ойлап, өзіміздің, туған-туысымыздың жағдайын жасап, қожалықтарымызда жүре беруімізге де болар еді. Бірақ бізді өсіп-өнудіруші, біліммен сусындатушы, табыс көзін табушы осы еліміз - Отанымыз ғой. Сондықтан өз елімізді өркендету үшін өз тәжірибемізді жаратып, халқымызға қызмет еткізіміз келеді". Айдарбек Қожаназаров

Ол халықты сайлауға міндетті түрде қатысуға шақырды.

"Мәселен, асханада Сіз үшін біреу таңдау жасап, алдыңызға сүймейтін тамақты әкелсе, одан бас тартасыз ғой. Ал саясатта олай етпегендіктен, біреудің таңдағанын "қақалып-шашалып" бес жыл бойына "жеуге" мәжбүр боласыз. Сондықтан өз орныңызға өзгенің таңдау жасауына жол бермеңіз. Respublica партиясына дауыс беріңіздер". Айдарбек Қожаназаров
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін

Семейде ер адам аспалы көпірден құлап кетті

15 маусымда қай өңірлерде аптап ыстық болады

Көкшетауда найзағай түсіп, жеке үй отқа оранды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады