Шекара маңындағы ауылдардағы инфрақұрылымды салу және жөндеуге субсидия бөлінеді

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыров үкімет отырысында елімізде 65 ауданда барлығы 1 283 шекара маңындағы ауыл бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Онда барлығы 1,7 млн халық тұрады. Қуантыровтың айтуынша, "Ауыл – ел бесігі" жобасын іске асыру шеңберінде 2023 жылға 140 шекара маңындағы ауылда 290 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

"Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасында шекара маңындағы аумақтарды дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Мәселен, Тұжырымдама шеңберінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды салу және жөндеу, отандық телеарналардың цифрлық эфирлік теле және радио хабар таратуын қамтамасыз ету, еңбек тапшылығы бар шекара маңы ауылдық округтеріндегі тұрғындардың жалақысына үстемеақы қосу және оларға басқа да жеңілдіктер беру мүмкіндігі көзделген".Әлібек Қуантыров

Бұдан басқа, өткізу пункттерінің инфрақұрылымын дамыту көзделген. Шекара маңындағы өңірлерді қоса алғанда, бүкіл ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған құралдардың бірі - "Ауыл аманаты" жобасын іске асыру.


"Ол үшін әрбір ауылдық округтің мамандығын айқындай отырып, скрининг жүргізу, сонымен қатар жеке қосалқы шаруашылықтарға микрокредит беру, сервистік-өткізу кооперативтерін қалыптастыру, техникамен және жабдықпен лизингке қамтамасыз ету шаралары іске асырылады". Әлібек Қуантыров
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды