Елімізде әуе билеті неге қымбат

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов сенаттағы отырыста Қазақстанда әуе билетінің бағасы мен компаниялар шығыны қалай реттелетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Билет бағасына келсек, халықаралық тәжірибеге сәйкес, билеттер құны реттелмегенін айта кеткен жөн. Баға белгілеудің нарықтық механизмі (сұраныс, ұсыныс) қолданылады. Тарифтік құрылымдағы негізгі үлестерді жанар-жағармай шығыны (32%), эксплуатациялық шығын (18%), әуе кемелерінің лизингі (18%) және әуежай қызметтері (13%), жалақы қоры (6%) құрайды". Алмаз Ыдырысов

Оның сөзінше, ішкі нарықта әуекеросиннің тапшылығы және оның қымбаттығы - елдегі азаматтық авиацияның дамуын тежейтін және баға белгілеуге әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Мысалы, 2022 жылы мұнай өңдеу зауытының өнімі (648 мың тонна) мен тұтыну (806 мың тонна) арасында19% теңгерімсіздік болды.

"Айта кету керек, әуе компаниялары шығынының 80%-ға жуығы шетел валютасында жүзеге асырылады – әуе кемелерін сатып алу немесе жалға алу, қосалқы бөлшектерді сатып алу және тағы басқа. Бұл ретте әуе компаниясы табысының 80%-ға жуығы теңгемен түседі. Осыған байланысты өз шығынын өтеу үшін әуе компаниялары бағам қысымына байланысты билеттер құнын реттеуге мәжбүр", - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.

Ыдырысовтың айтуынша, жалпы әуе билеттерінің бағасы мемлекеттік реттеуге жатпайды.

"Әуе компаниясы бағаны негізсіз көтерсе, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сай ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚЖДА) монополияға қарсы әрекет ету шараларын қолданады. Мысалы, былтыр Бас көлік прокуратурасы ҚР БҚЖДА бірлесіп, қазақстандық әуе компанияларында динамикалық баға белгілеу принципін қолдану фактісі бойынша тексеру жүргізді. Нәтижесінде тиісті бұйрық шығарылды. Бұл бөлімде динамикалық баға белгілеу қағидатын реттейтін нормативтік құқықтық актіні әзірлеу жүргізіліп жатыр".Алмаз Ыдырысов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды