Сыртқы істер министрлігі Қытайдың Франциядағы елшісі айтқан сөзге қатысты пікір білдірді

Сурет: ҚР СІМ
Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Шаеның сұхбатында айтқан мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы мәселеге қатысты қандай пікір айтатынын сұрады. "Қазақстан Қытайдың Франциядағы елшісінің сөзіне байланысты нота жібермей ме?" деді БАҚ өкілдері.

"Бұл елші Францияда жұмыс істейді, ол жерге қалай нота жібереміз? Ол Парижде жұмыс істейді. Сөздерді аударып, мүлде басқа тақырыпқа әкелмейік", - деді ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сонымен қатар Айбек Смадияров 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-на мүше болғанын еске салды:


"Мен Қазақстан мен Қытай арасындағы байыпты қарым-қатынас туралы айтатын барлық тармақты тізіп шықтым. Қытай Сыртқы істер министрлігі өз елшісінің әрекетін түсіндіріп, өз ұстанымына толық реакциясын білдірді", - деді Смадияров.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Қазақстанда БҰҰ өңірлік орталығы ашылады

Аттестат пен дипломдарды толтырудың жаңа тәртібі қабылданды