Тоқаев Қытайда мемлекет басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысты

Сурет: akorda.kz
"Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сиань қаласындағы Лотос саябағында "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда.

"Орталық Азия – Қытай" саммитінің негізгі іс-шаралары ертеңге жоспарланған.

"Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысушылардың құрметіне Лотос саябағында театрландырылған қойылым көрсетілді.

Сарай алдындағы алаңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР Төрағасы  Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев театрландырылған қойылымды тамашалады.


Сурет: akorda.kz


Сурет: akorda.kz


Сурет: akorda.kz


Сурет: akorda.kz


Сурет: akorda.kz



17 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аясында жалпы сомасы 22 миллиард долларды құрайтын 47 құжатқа қол қойылды.

Қытай
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін