Тоқаев Қытайда өтетін саммитке келді

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысу үшін Халықаралық конференциялар орталығына келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Орталық Азия – Қытай" саммиті 19 мамыр күні өтеді.

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қарсы алды.

Сурет: akorda.kz

Еске салайық, 17 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары барысында жалпы сомасы 22 миллиард доллар болатын 47 құжатқа қол қойылды.

Тоқаев 18 мамыр күні Қытайда өткен қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты.

Президент өз сөзінде дөңгелек үстелге қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Қытай
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті