Әсем Рахметова СҚО-дан сайланған Сенат депутаты ретінде тіркелді

Сурет: ҚР ОСК баспасөз қызметі
7 маусымда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен ҚР Орталық сайлау комиссиясының "Солтүстік Қазақстан облысынан ҚР Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы 2 маусымда сайланған депутатты тіркеу туралы" қаулысын қабылдау бойынша отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық сайлау комиссиясы хаттамасының және "Солтүстік Қазақстан облысынан ҚР Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы 2 маусымда болған сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы" ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 6 маусымдағы № 74/770 қаулысының негізінде ҚР Орталық сайлау комиссиясы Әсем Рахметованы ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретінде тіркеуге қаулы етті.

Сондай-ақ, осы күні Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Рахметоваға Парламент депутатының куәлігі мен төсбелгісін табыс етті.


Сурет: ҚР ОСК баспасөз қызметі



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі