Президентке еліміздің Қарулы күштерін нығайту жөніндегі мәселелер баяндалды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Бақытжан Ертаевты қабылдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында Бақытжан Ертаевтың өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері жөніндегі ой-пікірін тыңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы жуырда Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Әділетті Қазақстанның негізін қалайтын Адал азамат туралы ойларын ортаға салғанын атап өтті. Бұдан бөлек, сын сағатта басын қатерге тігіп, жанқиярлықпен ерлік танытқан, Отанына адал қызмет еткен тұлғаларды жастарға үлгі ету және  қарапайым еңбек адамын дәріптеу маңызды екеніне назар аударды, делінген Ақорда хабарламасында.

Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев өзі басшылық ететін "Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary" қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады. Сондай-ақ әскердегі тәрбие ісін нығайту жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

Президент ұйымның бастамаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты. Сонымен қатар Бақытжан Ертаевтың тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерін құруға  елеулі еңбек сіңіргенін атап өтіп, оның ел игілігі үшін атқарып жатқан қоғамдық жұмыстарына табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі