Тоқаев спорт ардагері Сейілда Байшақовтың қазасына байланысты көңіл білдірді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спорт ардагері Сейілда Байшақовтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ футболының аңызына айналған даңқты cпорт ардагері Сейілда Байшақовтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Сейілда Икрамұлы "Қайрат" футбол командасының сапында көп жылдар бойы өнер көрсетіп, жасындай жарқыраған еді. Білікті бапкер ретінде жастарды жеңіске жетудің қыр-сырына үйретіп, елімізде осы спорт түрінің дамуына зор үлес қосты. Өмірде адал еңбек етіп, өшпес із қалдырған Сейілда Икрамұлының есімі мен бейнесі мәңгі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған Ақорда жариялаған жеделхатта.

Айта кетсек, бүгін қазақ футболының аңызы, 72 жастағы Сейілда Байшақовтың дүниеден озғаны белгілі болды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды