Әлем шахматшылары Оралда бас қосты

Сурет: БҚО әкімдігі
Орал қаласындағы «Атамекен» өнер орталығында ҚР кубогінің төртінші кезеңі – ORAL OPEN халықаралық турнирі өтіп жатыр.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, турниге АҚШ, Армения, Үндістан, Беларусь, Украина, Ресей, Өзбекстан, Швеция, Түркия, Дания, Черногория және Қазақстаннан 180-ге жуық шахматшы қатысуда. Олардың қатарында 17 халықаралық гроссмейстер бар.

Халықаралық доданыың ащылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев, ҚР шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенко мұндай додалардың аталмыш зияткерлік спорт түрін кеңінен дамытуда маңызы зор екендігін атап өтіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.


Сурет: БҚО әкімдігі


Іс-шарада айтылғанындай, Батыс Қазақстан облысында да өзіндік шахмат мектебі қалыптасқан. Өңірден халықаралық гроссмейстер Мұртас Қажығалиев, сондай-ақ Валерий Мин, Әлібек Игамбергенов, Роман Козлов, Жанат Сайын, Азамат Өтеғалиев, Айсезім Мұхит, Әлихан Ерғалиев, Лаура Әбділдаева секілді елге танылған шахмат шеберлері шықты.

Айта кетейік,халықаралық жарыс 28 шілдеде мәресіне жетіп, жеңімпаз-жүлдегерлер анықталады.


Орал
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі