Оның айтуынша, мәселенің бірі – іс-шаралардың сапасыз жоспарлануы, бюджеттік өтінімдердің уақытылы берілмеуі немесе құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржының тапшылығы.
"Мысалы, Шымкент қаласында Бозарық каналын күрделі жөндеу жоспарланған, алайда бүгінгі күнге дейін техникалық тексеруден басқа ешқандай жұмыс жүргізілген жоқ. Қызылорда облысы бойынша керісінше, үшінші жыл қатарынан Сырдария өзенінің арнасын тазартуға бөлінген бюджет қаражаты игерілмей отыр. Сондай-ақ, биыл игерілмеу қаупі бар", - деді Сырым Шәріпханов
Оның сөзінше, Батыс Қазақстан облысында Орал қаласы шегінде Жайық және Дерқұл өзендерінің жағалауын нығайту, Малая Быковка өзеніндегі бөгеттерді нығайту және Тасқала ауылындағы Дерқұл өзенінің арнасын түзету іс-шараларды уақтылы іске аспай, қаупті болып отыр.
"Тәжірибе көрсеткендей қарастырылған су тасқынына қарсы іс-шараларды орындамау үлкен су тасқыны салдарына әкеледі. Мысалы, биыл Батыс Қазақстан облысында 210 тұрғын үй, Ақтөбе облысында – 89 тұрғын үй, Қостанай облысында – 44 тұрғын үй су астында қалды. Бұл ретте Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында 46 тұрғын үй тұруға жарамсыз деп танылды. Нәтижесінде Ақтөбе облысының әкімдігі 24 үй тұғызса , Батыс Қазақстан облысында - 16 үй салынды. Жалпы 1,3 млрд. теңге жұмсалды. Жыл сайын ықтимал қауіп пен үлкен материалдық шығынға ұшырағанша, осы қаражатты күні бұрын алдын - ала ескерту үшін пайдалануға болатын еді". Төтенше жағдайлар министрі
Министр айтылғандарды, жалпы климаттың өзгеруі бойынша әлемдік үрдісті және осы көктемде Батыс өңірінде су тасқыны бір ай бұрын басталғанын ескере отырып, барлық әкімдік ықтимал қауіпке дайын болуы қажет екенін айтты. Осыған байланысты ол төмендегі мәселелерді атап, премьер-министрден қолдау көрсетуді ұсынды:
- Бірінші. Өткен жылдардағы су тасқыны жағдайының қайталануын болдырмау мақсатында әкімдіктер биыл су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру үшін барлық қажетті ресурстарды тарту қажет.
- Екінші. Биыл Жол картасы аяқталатынын ескере отырып, орындалмаған іс-шаралар тиісті бюджет қаражаты көзделетін Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді (РБ) және өңірлердің даму жоспарларына (ЖБ) ауыстырылсын.
- Үшінші. Экология және табиғи ресурстар министрлігіне гидротехникалық құрылыстарды уақтылы жөндеуді қамтамасыз ету керек.
- Төртінші. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне су өткізу құрылыстарын, жолдар мен көпірлерді тасқын және еріген сулардың жоғары көлемін өткізуге дайындау қажет.
- Бесінші. ТЖ министрлігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп азаматтардың қауіпсіздік мәдениеті мен сана-сезімін арттыру мақсатында арықтарды тазарту және қарды уақтылы шығару бойынша халықпен тиісті ақпараттық жұмысты жалғастырсын.