Мұрағаттан табылған Аймауытовтың "Тез өлмен" шығармасын ғалымдар зерттейтін болды

Сурет: akorda.kz
ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыста Мемлекеттік комиссияның ғылыми және баспа қызметінің нәтижелері қаралды, архивтердегі зерттеулерден жиналған материалдар зерделенді, электрондық порталдың жұмысы туралы ақпарат берілді, делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ өңірлік комиссиялардың жұмысы туралы есеп тыңдалып, олардың ғылыми жинақтарын дайындау жөніндегі жобалардың іске асырылу барысы қаралды.

Сонымен қатар жиында Мемлекеттік комиссия мүшелері архивтерде жүргізілген зерттеу жұмыстары барысында табылған, жазушы әрі ақын Жүсіпбек Аймауытов жазды делінген "Әзір өлмеймін" ("Тез өлмен") шығармасын таныстырды. Ол Президент Архивінің ғылыми-іздестіру жұмыстары кезінде табылған болатын. Президент Архивінің директоры Ә. Мұстафина шығарманың қалай табылғаны және оған жүргізілген зерттеу жұмыстары жайында айтты. Аталған шығарманы филологтар мен әдебиеттанушылар тағы да зерттейтін болады.

Отырыс қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жалғастыруға, өңірлік комиссиялардың материалдарын шығаруды жүйелендіруге, жабық қорлардың материалдарын цифрландыру және құпиясыздандыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалар берілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай