Тоқаев су-энергетика кешені бойынша Тәжікстанмен арадағы байланысқа баса тоқталды

Сурет: akorda.kz
24 тамызда Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстанда Тәжікстанмен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын атап өтті, деп хабарлайды Ақорда.

"Бауырлас тәжік халқына қазақ жерінде айрықша құрметпен қарайды. Отандастарымыз қазіргі Тәжікстан туралы көбірек біліп, тәжік халқының бай мәдениетімен тереңірек танысқысы келеді. Осы орайда сіздің осындай ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру туралы бастамаңызды Қазақстан халқы мен еліміздің қонақтары ерекше ықыласпен қабыл алды. Бұл айтулы шара екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толған кезеңде өткізілуінің ерекше символдық мәні бар". Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы барлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың, соның ішінде су және энергетика кешеніндегі өзара іс-әрекеттің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

"Су және энергетика салаларындағы міндеттемелерді орындауға, атап айтқанда, Қазақстанға су және электр энергиясын жеткізуге байланысты шешімді уақтылы қабылдағаныңыз үшін Сізге және барша тәжік тарапына алғысымыз шексіз. Қазақстан өз тарапынан Сіздің алдыңғы сапарыңыз кезінде өзара келіскен барлық міндеттемені орындап жатыр", – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, мұның алдында Қазақстан мен Тәжікстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізген болатын. 

Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана
Рахмон Эмомали

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді