Тоқаев адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесті

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Светлана Жақыпова, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ьүгін Конституция күніне орай арнайы жиналып отырғанын айтты.


"Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мереке. Ата заңымыз – мемлекеттігіміздің тұғыры берік болуын қамтамасыз ететін ең басты құжат. Оның әр тармағы мүлтіксіз орындалса ғана әділдік пен заң үстемдігі орнығады. Баршаңызға мәлім, былтырғы референдумда халық ауқымды конституциялық реформаға қолдау көрсетті. Ата заңға маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соның бәрі мемлекет басқару моделін жаңғыртуға негіз болды. Реформа жасау кезінде ең әуелі құқық қорғау саласына баса мән берілді. Конституциялық Сот құрылды. Омбудсмен институты және прокуратура органдарының мәртебесі артты. Бір сөзбен айтқанда, азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесі айтарлықтай нығая түсті. Реформаның нақты нәтижесі бар".Президент
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді