Президент: Азаматтар Конституциялық сотқа тікелей жүгінуге мүмкіндік алды

Мемлекет басшысы бұрынғы Конституциялық кеңес ширек ғасырдың ішінде бар-жоғы 140-қа жуық істі қарағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл – жылына небәрі 5 мәселе ғана қаралды деген сөз. Ал Конституциялық Сот алғашқы 7 айдың ішінде 43 істі қарауына алды.

"Соның 23-і бойынша тиісті шешім шығарылды, яғни азаматтар Конституциялық Сотқа тікелей жүгінуге мүмкіндік алды. Бұрын мұндай құқыққа билік институттары ғана ие болған еді. Жұрт Конституциялық сотқа шағымдану арқылы өз құқықтарын қорғап қана қоймайды, сонымен бірге еліміздің бүкіл құқық жүйесін жетілдіруге үлес қосады. Азаматтардың омбудсмендермен қарым-қатынасы едәуір жандана түсті. Өтініштердің саны екі есе артты. Конституциялық құқықтың қорғалуына прокурорлық қадағалау шаралары күшейді".Президент

"Құқық қорғау жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктер арыз-шағымдар көбеюіне түрткі болды. Бұл – қалыпты жайт. Қазір билік пен азаматтардың қарым-қатынасындағы көптеген түйткілдер анықталып жатыр. Оның бәрі – жылдар бойы жиналған мәселелер" деді мемлекет басшысы.


"Оларды мұқият зерделеп, қолданыстағы ресурстардың қаншалықты тиімді екенін бағалау керек. Сондай-ақ жұмыстың бағыт-бағдарын қоғам мүддесіне сай нақтылау қажет. Бүгін біз реформалардың әлеуеті қалай іске асырылып жатқанын және олар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға қалай әсер ететінін талқылаймыз. Нәтижелі пікір алмасу болатынына сенімдімін. Президент жанындағы Адам құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия – мемлекеттік органдар мен азаматтық институттардың әлеуетін біріктіретін басты сараптама алаңы", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: