29 қазанда Қазақстанда мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 29 қазанға бос орындарды ескере отырып, республиканың 11 өңіріндегі тиісті аумақтық сайлау комиссиялары 21 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сайлау Абай, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында өтеді.

Барлығы 2 облыстық, 7 қалалық және 12 аудандық мәслихат депутаттары сайланатын болады.

20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкім бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар, сондай-ақ сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған, сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адамдар сайлану құқығына ие бола алмайды.

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну 2023 жылдың 30 тамызынан бастап 28 қыркүйек аралығында сағат 18:00-ге дейін өтеді. Кандидаттарды тіркеу 3 қазанда сағат 18:00-де аяқталады.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы  өзінің интернет-ресурсында 11 өңірде 21 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау бойынша жалпыланған ақпарат беретін болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды